«Freedom Шапағат» жобасы – Оңтүстік Қазақстанның ауылдық аймақтарын тұрақты дамытуға арналған жобасы
Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету
Тұрақты әрі «жасыл» электрмен жабдықтау жүйесіне қол жеткізу
Шөлденумен күресу үшін аумақты көгалдандыру
Онлайн-білім, телемедицина және цифрлық сервистерге қолжетімділік үшін цифрлық инфрақұрылымды дамыту
ауыз су сапасының әлемдік рейтингінде 179 елдің ішінде
ауыз су сапасы индексі (100 мүмкін ұпайдан)
Бұл тікелей адамдардың денсаулығына әсер етіп, ішек инфекциялары, А гепатиті және басқа да аурулардың қаупін арттырады.
Жағдайды одан әрі қиындата түседі, себебі шалғайдағы ауылдарда аурухана немесе амбулатория болмайтындықтан, ең жақын медициналық нүктеге жету үшін ондаған шақырым жүру қажет. Су ресурстарына қол жеткізу мәселесі — миллиондаған адамның өмір сүру сапасы мен денсаулығына әсер ететін фактор.
2050 жылға қарай Қазақстан су ресурстарының маңызды тапшылығымен бетпе-бет келуі мүмкін. Біз осы шындықты өзгертуді мақсат етеміз.
«Freedom Шапағат» корпоративтік қоры «Эко-Ауыл: Су, Энергия, Өмір» жобасын ұсынады — бұл Қазақстанның ең құрғақ әрі осал аймақтарының бірінде таза ауыз суға қолжетімділік, жерді көгалдандыру және шөлденумен күресу, жаңартылатын энергия, телемедицина және интернет қызметтерін бір платформада қамтамасыз ететін трансформациялық бастама.
Қызылорда облысындағы, кепкен Арал теңізінің маңында орналасқан Жинишкекум ауылы онжылдықтар бойы шөлдену, энергия тапшылығы және ластанған су мәселелеріне тап болып келді. Біздің жоба ауылдық жерлерді тұрақты әрі масштабталатындай дамыту моделін ұсынады және бірінші кезекте мектеп оқушыларының өмір сүру және оқу жағдайын жақсартуға бағытталған.
сағатына 1000 литр тазартылған су өндірілетін болады
адам таза ауыз суға қол жеткізеді
Жылына 33 000 кВт·сағат энергия күн панельдері арқылы өндіріледі
мектепке 5 сағат үздіксіз электрмен жабдықтау аккумуляторлық жүйелер арқылы қамтамасыз етіледі
Неліктен Жинишкекум?
Жинишкекум ауылы — Арал теңізінің экологиялық апаты салдарынан зардап шеккен өңірдің типтік мысалы, мұнда:
Экологиялық әсер
• Күн энергиясына көшу арқылы СО₂ шығарындыларын азайту
• Су ресурстарын тиімді пайдалану және бақылау
• Климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын қолдау
Әлеуметтік әсер
• Денсаулық деңгейін және мектепке қатысуды арттыру
• Қыздар мен ұлдарға ресурстарға тең қолжетімділік
• Білім сапасын және персоналдың жұмыс жағдайын жақсарту
• Жаңа технологияларға және тұрақты шешімдерге деген сенімді нығайту• Денсаулық деңгейін және мектепке қатысуды арттыру
• Қыздар мен ұлдарға ресурстарға тең қолжетімділік
• Білім сапасын және персоналдың жұмыс жағдайын жақсарту
• Жаңа технологияларға және тұрақты шешімдерге деген сенімді нығайту
Жақсы денсаулық пен әл-ауқат
Таза су, MED365 диагностика жүйесі
Сапалы білім
Электр желісіне қосылған және интернетпен қамтылған мектеп
Жыныстық теңдік
Таза су мен білімге тең қолжетімділік
Таза су және санитария
Су сүзу жүйесі
Қолжетімді және таза энергия
22 кВт күн электр станциясы және 22 кВт·сағ аккумуляторлық жүйе
Өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым
Заманауи технологияларды енгізу
Төзімді қалалар мен қауымдастықтар
Шалғай ауылдық аймақтарды дамыту
Климаттық әрекет
Шығарынды газдарды азайту
Жердегі өмір
Құрғақ климаттық жағдайларға бейімделу
«Эко-Ауыл» жобасы масштабталатын модель ретінде қарастырылады:
Қазақстан мен Орталық Азияның басқа ауылдық мектептері мен қауымдастықтарына.
Су мен электр энергиясы тапшылығы бар өңірлер үшін.
Климаттық тәуекел жағдайларында шешім ретінде.
Болашақ қадамдарымыз:
Күн энергиясы қуатын және сумен тазарту қондырғыларын кеңейту.
Жергілікті тұрғындарды жабдықты қызмет көрсетуге оқыту.
Суару процесін және жасыл желектердің өсуін бақылау бағдарламалық жасақтамасын енгізу.
Артық электр энергиясын сату үшін нетто-потребление механизмін енгізу.